Бүгін: 13.12.2019
Мәслихат - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қалалық халқы сайлайтын сайланған орган, ол халықтың еркiн бiлдiретiн және оны iске асыру үшiн қажеттi шараларды айқындайтын және олардың орындалуын бақылайтын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сайланады. Мәслихатта заңды тұлғаның құқығы жоқ.

Ағымдағы жылғы 13 қараша күні Талдықорған қалалық мәслихатында «Әлеуметтік қорғау, заңдылықты сақтау, азаматтардың құқықтары және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

 

Ағымдағы жылдың 11 қарашасында Талдықорған қалалық мәслихатында кезектен тыс LIХ сессиясы отырысы өтті.

Талдықорған қалалық мәслихатының №7 сайлау округінің депутаты «Әлеуметтік қорғау, заңдылықты сақтау, азаматтардың құқықтары және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясының төрағасы Елдар Қайсарұлы Сапаров тұрақты комиссиясының қаладағы жол-көлік инфрақұрылымының қазіргі таңдағы жағдайы, проблемалары және оны шешу жолдары бойынша  жоспарлы  қаралатын мәселелерінің біріне сай,  қалаішілік және аумағына қосылған шағын аудан көшелерін аралап, ондағы жол жөндеу жұмыстарының барысын  көріп қайтты.

Ағымдағы жылдың 8 қарашасында қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы өтті.